Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың жеке қабылдауы

11.05.2017

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, облыс әкiмi Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдау өткiздi.

Бiрiншi болып құрылыс саласындағы мәселесiмен өңiр басшысының қабылдауына «Основание» ЖШС-нiң директоры Сергей Трофимов келдi. Ол құрылыстың нормативтiк мерзiмi республика бойынша бiрдей екендiгiн алға тартты. Бұл жағдайда өңiрдiң ерекше климаттық жағдайы ескерiлмейдi. Құрылыс компаниясы басшысының сөзiне қарағанда, ел бойынша қабылданған бiрыңғай мерзiм өңiр құрылысшыларын басынан тиiмсiз жағдайға душар етедi.

«Мерзiмiнде бiтiре алмайтынымызды басынан бiле отырып, құрылысты бастауға мәжбүр болып жүрмiз. Құрылысқа шамамен 10, 11, 12 ай уақыт кетедi. Нелiктен екендiгi белгiсiз, қазiр осы мерзiмнiң өзi қысқара түстi. Бiзде құрылыспен мүлдем айналыса алмайтын кезең де бар ғой», — дедi Сергей Тимофеев.

Жағдайға түсiнiк бере келiп, құрылыс басқармасының басшысы Серiк Мұхамадиев көп жағдай құрылыстың қай кезде басталғанына байланысты екендiгiн сөз еттi. Нысанды тұрғызу мерзiмiнде, яғни 8,5 айда аяталған мысалдар да бар.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы аталмыш мәселе заңнамалық тұрғыда ғана шешлуi мүмкiн екендiгiн алға тартты. Бұдан басқа, Құмар Ақсақалов Петропавлдың құрылыс жүйесiн жетiлдiру қажеттiгiне назар аударды.

«Бiзде, өкiнiшке қарай, жаңа үйлер абыр-сабыр тұрғызылады. Бос орын болса, соған сала салады. Дұрыс сәулеткерлiк шешiм байқалмайды. Барлығы да — үйлер де, коммуникациялар да, жарықтандыру да кешендi болуға тиiс», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмiмен кездесу кезiнде жеке кәсiпкер Александр Ещанов гиперсығымдалған кiрпiштi әзiрлеу және өткiзу жөнiнде айтып бердi. Қазiргi кезде өнiм сапасы жағынан тексеруден өтуде. Өңiр басшысы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы жобаларын жүзеге асыру кезiнде компанияға көмек көрсетудi тапсырды. Нысандар тұрғызу «Солнечный» шағынауданында жоспарланған. Бұл — кiрпiштiң сапасын iс жүзiнде тексеруге және жаңа өнiммен республикалық нарыққа шығуға мүмкiндiк бередi.

«Сiздi қолдауға әзiрмiз. Сiздер өздерiңiздi көрсете бiлулерiңiз керек. «Солнечный» шағынауданындағы жобаға қатысыңыздар. Онда жұмыс жетерлiк және кiрпiштiң сапасы да тексерiледi. Сенiмдi жеткiзiп берушi ретiнде өздерiңiздi көрсетiңiздер. Бәрi жақсы болса, мемлекет тарапынан да тапсырыс көбейедi», — дедi кәсiпкерге облыс әкiмi.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың жеке қабылдауы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың жеке қабылдауы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың жеке қабылдауы

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика