Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Баспасөз қызметі

«Kyzylzhar Invest 2016» инвестициялық форумы

17.11.2016

2016 жылдың 5 қазанда «Kyzylzhar Invest 2016» инвестициялық форумы шеңберiнде облыстық әкiмдiкте «Инфрақұрылымның дамуы әлеуметтiк-экономикалық дамуының драйверi ретiнде» атты тақырыбында панельдi сессия өткiзiлдi.

Сессияның модераторы СҚО құрылыс басқармасының басшысы Серiк Мақсұтұлы Мұхамедиев сөз сөйледi.

Келесi баяндамалар тыңдалды:

1. Қазақстандағы жаңғырмалы энергия көздерiн қолдау жүйесi. Баяндамашы: А.К.Жүкенова — ҚР Энергетика министрлiгiнiң Жаңғырмалы энергия көздерi департаментi директордың орынбасары.

2. Солтүстiк Қазақстан облысындағы жел электр станциясының құрылысы жөнiндегi инвестициялық жобаны iске асыру туралы. Баяндамашы: Ернар Маркенұлы Бiләлов — «SamrukKazyna Green Energi» ЖШС инвестициялық жобалар департаментiнiң директоры, Астана қ.

3. Петропавл қ. көлiк-логистикалық орталықты салу бойынша жобаны iске асыру туралы. Баяндамашы: Владимир Александрович Фоминцев — «BP Analytics» ЖШС Консалтингтiк компаниясы директорының орынбасары, Петропавл қ.

4. Солтүстiк Қазақстан облысында ауыл шаруашылық өндiрiсi және тамақ өнеркәсiбi өнiдiрiсiнiң қалдықтарын қайта өңдеу жөнiндегi биогазды қондырғыларды жасау және енгiзу жобаның тұсау кесерi. Баяндамашы: Дамир Жеңiсұлы Тiлеубаев — «БиоТЕС» ЖШС өкiлi, Астана қ.

5. Жинақтық темiр бетоннан құрылыстағы инновациялар. Баяндамашы: И.Б.Топырин — «Spancrete Global Services» Корпорациясының ТМД елдерiнiң бас менеджерi.

6. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру тәжiрибесi. Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы мекемелердiң халықаралық қауымдыстығын құру. Баяндамашы: С.В.Банных — «Энергия үнемдеу институты» МБМ директоры, Екатеринбург қ.

7. Энергия үнемдеу саласындағы заңнамасының талаптарын атқару тәжiрибесi. Баяндамашы: А.Ю.Евдокимов — «Энергия үнемдеу институты» МБМ директорының орынбасары, Екатеринбург қ.

8. Зығыр сабанда жұмыс iстейтiн қазандықтардың жұмыс iстеу тетiктерi. Баяндамашы: Николай Владимирович Денисов — «Агропрофи» ЖШС директоры, Петропавл қ.

Секциялық жұмысының қорытындыларын шығарғаннан кейiн Құрылыс саласы жөнiндегi екi меморандумға қол қойылды. Бiрiншi меморандумға Петропавл қ. әкiмi М.И.Тасмағанбетов және «Казградстрой-НС» ЖШС бас директоры А.И.Авдеевке қол қойды, екiншi меморандумға Петропавл қ. әкiмi М.И.Тасмағанбетов және «Электросетьстрой» ЖШС (Қарағанды қ.) бас директоры А.М.Майлин қол қойды.

Меморандумның негiзгi мақсаты облыстық орталықтың тұрғындары үшiн тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемаларын жедел шешу үшiн тұрғын үй саласындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

«Kyzylzhar Invest 2016» инвестициялық форумы«Kyzylzhar Invest 2016» инвестициялық форумы

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика