Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Баспасөз қызметі

«ҚТҚЖБ» АҚ Басқарма Төрағасы Л.Е. Ыбрағимовамен Солтүстік Қазақстан облысының әқіміндегі кеңесі, 2017 жылдың 31 мамыр

31.05.2017

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде өңiр басшысы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ басқармасының төрайымын қабылдады. Аталмыш шараға қаржылық институт пен құрылыс компанияларының өкiлдерi қатысты. Қонақтарды қарсы алған Құмар Ақсақалов Ләззат Ибрагимоваға ризашылығын бiлдiре келiп, тұрғын үй құрылыс жинағы баспана мәселесiн шешуде қолайлы форма екендiгiн атап айтты.

«Өткен жылы қаржыландырудың барлық көздерi есебiнен 154 мың шаршы метрдей тұрғын үй салдық. Биыл оны 200 мың шаршы метрге жеткiзудi жоспарлап отырмыз. Әрине, оның көп бөлiгi Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi есебiнен салынады. «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша «Солнечный» кентiнiң инфрақұрылымына 1,3 млрд. теңге аламыз. Ол да бiрегей жоба болады», — дедi өңiр басшысы.

Петропавл қаласының әкiмi Марат Тасмағанбетов тұрғын үй салу жоспары туралы толығырақ айтып бердi. Оның ақпаратына қарағанда, 2015-2017 жылдары барлығы 955 отбасы мен жалғызiлiктi адамдар тұрғын үй алды, оның 631-i — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi арқылы.

«Үстiмiздегi жылы «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында жалпы алаңы 83,3 мың шаршы болатын 1003 пәтерлiк 11 үй салынып жатыр, оның 7-уi — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi желiсi бойынша. «Солнечный» шағынауданында жеке тұрғын үй құрылысына 2094 жер телiмi берiлдi. Жер телiмiн алуға 8200 адам кезекте тұр, 500 учаске қазiрдiң өзiнде уақытша пайдалануға берiлдi. Жобалық-сметалық құжат әзiрленiп, сараптамадан өтуде. Үйлер бiрыңғай сәулеткерлiк стильде салынады», — дедi Марат Тасмағанбетов.

Өз кезегiнде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша орташа салым деңгейi 400 мың теңгенi құрайтындығын, барлық салымшылардың салған жалпы сомасы 12 млрд. теңге екенiн алға тартты.

«Сiздердiң өңiрлерiңiзде тұрғын үй құнының 50 пайызын жинаған 2,5 мың салымшы бар, олар 5 пайыздық үстемемен баспана ала алады. Сiздерде салым ашып, осы жүйеге сенiм бiлдiрген салымшылар саны 26 мың адамды құрайды. Салымшылардың әрбiр оныншысы ғана заемшы болды», — дедi Ләззат Ибрагимова.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ басқармасының төрайымы тұрғын үй қатынастары туралы жаңа заңнаманы енгiзу үшiн жұмыс жүргiзiлiп жатқандығын айтты. Өзгерiс әскери қызметкерлердi тұрғын үймен қамтамасыз ету жайлы болмақ. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ипотеканы жабу үшiн Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнiң тұрғын үй төлемдерiн және жинақтарын пайдалануға рұқсат беру ұсынылмақ.

«2012 жылдан бастап жалпылай алғанда 1 мыңдай пәтер пайдалануға берiлдi. Биыл Солтүстiк Қазақстан облысында бұрын-соңды болмаған рекорд жасағалы отырмыз. Биыл 1 мың пәтердi пайдалануға бермекпiз, олар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» салымшылары арасында бөлiнетiн болады», — дедi Ләззат Ибрагимова

Кездесу соңында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ арасында «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында iзгi ниет туралы меморандумға қол қойылды.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика