Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Баспасөз қызметі

Петропавл қаласын көгалдандыру және абаттандыру тұжырымдамасы

17.04.2017

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлды көгалдандыру мен абаттандырудың жаңа тұжырымдамасын қабылдады.

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлды көгалдандыру мен абаттандыру мәселесi бойынша кеңес өткiздi. Кездесудi ашқан өңiр басшысы елдi мекендердiң тазалығы мен тәртiбi жергiлiктi атқарушы органдардың ерекше бақылауында болуы керектiгiн атап айтты.

«Сенбiлiктер басталды. Оның алғашқысы кешегi демалыс күндерi өттi, келесiсi — 22 мен 29 күндерi. Сенбiлiктер осы күндермен шектелiп қалмауы керектiгi түсiнiктi. Бұл сенбiлiктер — еңбек ұжымдары мен азаматтардың бастамасы, сондықтан онымен айналысуға болатын уақыттардың барлығында тұрақты түрде өтiп тұруға тиiс», — дедi Құмар Ақсақалов.

Петропавлды көгалдандыру мен абаттандырудың жаңа тұжырымдамасымен қала әкiмi Марат Тасмағанбетов таныстырды. Облыс әкiмiнiң тапсырмасы бойынша ағаштар отырғызу жоспарына түзету енгiзiлiптi. Үстiмiздегi жылы ұзындығы 70 шақырымға 17500 түп көшет отырғызу жоспарланған. Ағаш отырғызатын негiзгi магистральдi көшелер анықталған, олар — Ж. Қизатов, Ш. Уәлиханов, Ухабов, К. Сүтiшев, Абай, Қ. Сәтбаев, Жамбыл, Набережный, Интернационал, Рига, М. Жұмабаев, Егемен Қазақстан, Партизан, Я. Гашек, Парк және М. Әуезов көшелерi.

«Қаланың барлық көшелерi қамтылатын болады. Сол сияқты «Береке» шағынауданында қосымша әртүрлi 1000 ағаш отырғызу жоспарлануда. Бүгiнгi күнi 17500 түп көлемiнде егетiн материалдар қазып алдынды. Олардың 7500-i — қарағай, 2000-ы — терек, 2000-ы — алма ағашы, 2000-ы — шетен, 2000-ы — жөке, 3000-ы — қайың. 15 сәуiр — сенбi күнi 2000 көшет отырғызылды. Одан басқа бiлiм беру мекемелерi 1200, ПИК төрағалары мен жол құрылысы ұйымдары 600 түп көшет ектi 6 бригада жұмыс iстеуде, 2-уi — ескi ағаштарды отап, отырғызатын жаңа орындар әзiрлеуде, 4 бригада ағаш егуге жұмылдырылған», — дедi Марат Тасмағанбетов.

Өңiр басшысы оталатындардың iшiнде сау ағаштар болмауын мұқият тексеру қажеттiгiн атап айтты.

Өткен жылы Петропавл қаласына 300 қарағай отырғызылғанын атап айтқан жөн. Биыл облыс әкiмiнiң тапсырмасы бойынша 7500 көшет жоспарланса, оның 200-i отырғызылды. Бұдан басқа, көгалдандыру аясында жанды қоршау сияқты сегмент жасалады

«Бүгiн қаладағы жанды қоршаудың ұзындығы 10 шақырымды құрайды. Негiзiнен олар алма ағашы мен оның жабайы түрлерiнен жасалады. Бүгiнгi күнi жанды қоршау егу жоспарлануда. Оған ұсақ жұмсақ жапырақты өскiндер пайдаланылады. Барлығы 25 шақырымға 2 қатармен жанды қоршау жасау жоспарлануда, оның бiр шаршы метрiне шамамен 7 түп отырғызылады», — дедi қала әкiмi.

«Егер жыл сайын осынша ағаш егетiн болсақ, Петропавл жасыл қалаға айналады. Өсiмдiк — қаланың өкпесi. Оның үстiне бiздiң аймақта өсетiн ағаштарға онша көп күтiм керегi жоқ, өйткенi ылғал жеткiлiктi», — дедi өңiр басшысы

16 мың шаршы метр аумақта гүлзар жасау үшiн жеке жұмыс жүргiзiледi. Биыл егiлетiн аумақ 4 мың шаршы метрге көбейiп отыр. Бозқырау түспесе, гүлдер 9 мамырға қарай егiледi.

Ақпаратты тыңдай келе, Құмар Ақсақалов бұрын ұсынылғаннан ерекшеленетiн тұжырымдаманы қабылдады.

«Негiзгi көшелер қамтылған, саны да ұлғайған. Олардың бағасын бiраз азайттық. Өткен жолы қымбат болған. Алайда бiздiң кәсiпкерлер өздерiне шығын болмайтындай келiсiмге келдi. Соған орай тиiмдiлiк те жоғары болуға тиiс. Осының барлығы қала, қоғам және бiздiң өңiр үшiн жасалуда. Тек «Коммунхоз» есебiнен ғана болмағаны да маңызды. Сенбiлiкке, аумақты тазалауға барлық азаматтар қатысуы керек. Бiз өзiмiз де қатысамыз», — дедi Құмар Iргебайұлы

1 мамырға қарай ПИК-тер үйлер мен аула аумақтарын абаттандыру қажеттiгiн еске салды.

«Үйлерiн, аулаларын өздерi өз қолдарымен, ПИК тұрғындары есебiнен жөндеуi керек. Мемлекет есебiнен емес. Бiз жиектастармен, басқа да кейбiр материалдармен көмек көрсетемiз. Оларды өздерi орнатуы керек деп ойлаймын. Өз қолдарымен жасаған дүние әрдайым жақсы болады және ұзақ сақталады. Наурыз бен 1 мамыр мерекесiн аулаларда қарсы алуды жақсы дәстүрге айналдырайық. Оңай емес екенiн түсiнемiн, бiрақ қажет. Адамдарды осылай бiрiктiрейiк Оларды мереке мен бiр жерде бiрге тұру бiрiктiрмегенде, не бiрiктiредi? Соларды ұйымдастыруға көмектесейiк», — дедi Құмар Ақсақалов.

Кеңес барысында Петропавлдың басты Қазақстанның Конституциясы көшесiн қайта құру бойынша ақпарат тыңдалды. Биыл Пушкиннен М. Жұмабаев көшесiне, М. Жұмабаевтан Мир көшесiне, Парктен М. Әуезов көшесiне, М. Әуезов көшесiнен Тәуелсiздiк стелласына дейiнгi және қалалық әкiмдiк алаңындағы өрнектас жабылғыларын ауыстыру қажет етiледi. Аталмыш учаскедегi 24 мың шаршы метр аумақтың өрнектасы ауыстырылады

«32 орындық пен 32 урнаны ауыстыру қарастырылған. Ол Петропавл қаласындағы «Стронг сервис» ЖШС кәсiпорнында жасалады. Бұдан басқа лотос үлгiсiндегi 30 шырақшам жаңа энергия үнемдеу шамдарымен ауыстырылады. Аталмыш жұмысты «Апат қызметi» ӨК атқарады. Сонымен бiрге өсiп тұрғанына 40 жыл болған кәрi терек, үйеңкi ағаштары жұлып алынады», — дедi Марат Тасмағанбетов.

Бұдан басқа, облыс әкiмiнiң тапсырмасы бойынша абаттандыруға өрнектас, орындық, урна жасайтын жергiлiктi кәсiпорындар жұмылдырылады. Олардың бағасы арзан болады.

«Қажеттi қаржы бар. Олардың негiзгi бөлiгiн бұқарамен, өз күшiмiзбен жасауымыз керек. Қайта жаңғыртудан кейiн өрнектастар ауыстырылып, көгалдандыру жүргiзiледi. Темiрден жасалған ескi орындықтарды сырлау керек. Қазiр олар қаланың сәнiн бұзып тұр. Бұрынғы сырларын металға дейiн қырып алып, содан кейiн ғана сырлау технолгиясын қолдану керек. Ол мүлдем арзанға түседi және жаңаша сипат алады», — деп, тапсырма бердi өңiр басшысы.

Кеңес соңында облыс әкiмi өткен жылы ауыстырылған өрнектастардың кейбiрi жарамсыз болып қалғанына назар аударып, атқарылған жұмыстың сапасын қатаң бақылауды тапсырды.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика