Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Баспасөз қызметі

Жеңіс күні

09.05.2017

Жеңіс күні

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Жеңiс күнi — бiздiң халқымыздың бiрлiгi мен рухани күшiнiң нышаны».

Жеңiс күнi Петропавлда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды еске түсiру және ардагерлерге құрмет көрсету үшiн мыңдаған адам жиналды. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов жиналғандарға құттықтау сөз арнады.

«Ондаған жылдар өтiп, ұрпақтар алмасса да, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс ұлттық бiрлiктiң, қаһармандықтың және бiздiң халқымыздың ерен ерлiгiнiң нышаны болып қала бередi. Осы күнi бiздiң халқымыздың жарқын болашағы үшiн шайқас алаңынан оралмағандардың алдында басымызды иемiз. Майдан даласында және тылда өз өмiрлерiмен әлемдi фашизмнен азат еткендерге айтар алғысымыз шексiз. Қайсар батырларымыздың өшпес ерлiгi бiздiң жүрегiмiзде мәңгi сақталады. Жалпы мақсатқа бiрiккен әртүрлi ұлттың және дiннiң өкiлдерi бiрге иық түйiстiре отырып, майдан даласында, окопта бейбiтшiлiк пен өз балаларының болашағы үшiн шайқасты. Жеңiс күнi — бiздiң халқымыздың бiрлiгi мен рухани күшiнiң нышаны», — деп атап айтты өңiр басшысы.

Құмар Iргебайұлы баға жетпейтiн мұраны келер ұрпаққа қастерлеп табыс ету — осы заманғы буынның қасиеттi борышы екендiгiн де алға тартты.

«Қанды шайқас батырларының ерлiгiмен қазақстандық жаңа ұрпақты, өз өңiрiмiз бен Отанымыздың — Қазақстан Республикасының патриоттарын тәрбиелеймiз. Фашизмдi жеңген Жеңiске бiздiң облыс тұрғындарының да қосқан үлесi зор. Соғыстың алғашқы жылдары Солтүстiк Қазақстан облысының 90 мыңнан астам үл-қызы қолдарына қару алып, Отан қорғаушылар сапына қосылды. Олардың әрбiр екiншiсi майданнан қайтып оралған жоқ. Бiздiң жерлестерiмiз Мәскеу мен Сталинград, Курск иiнiндегi шайқастарға қатысты, өзендердi кесiп өттi. Солтүстiкқазақстандықтардан даңқты 314-атқыштар дивизиясы жасақталды. Аталмыш құрама Ленинград құрсауын бұзу, 20-дан астам қаланы және 1000-нан астам елдi мекендi азат ету сияқты жауынгерлiк жолдан өттi.

Ұлы Отан соғысы батырларының iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысынывң тұрғындары да аз емес екендiгiн мақтан етемiз. Бiздiң 55 жерлесiмiз Совет Одағының батыры, 11-i Даңқ орденiнiң толық иегерi атанды. 10 мыңдаған жерлесiмiз жауынгерлiк ордендермен және медальдармен марапатталды», — дедi облыс әкiмi.

Өңiр басшысы Жеңiске тыл еңбеккерлерiнiң де қосқан үлесi зор екендiгiн баса айтты.

«Уақыт бiр орнында тұрмайды. Өкiнiшке қарай, жыл өткен сайын ардагерлерiмiздiң қатары сиреп, азая түсуде. Олардың ерлiгiн, антына адалдығын және Отанына шынайы берiлгендiгiн өз жүрегiмiзде сақтауға мiндеттiмiз. Ардагерлерiмiзге барынша көңiл бөлiп, қамқорлық жасау — бiздiң қасиеттi борышымыз», — дедi облыс әкiмi.

Содан кейiн Құмар Ақсақалов ардагерлермен бiрге «Мәңгiлiк алау» мемориалдық кешенiне гүл шоқтарын қою рәсiмiне қатысты. Балалар мен ересектер де майдан даласынан оралмаған боздақтарға арнап гүл шоқтарын қойды.

Бiр минут үнсiздiктен кейiн соғыс ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерi жастар мен қала тұрғындары ұйымдастырған жанды дәлiзбен жүрiп өттi. Соғыс батырларын олар қошаметпен және гүлмен қарсы алды. Мерекелiк шерудi ҚР Үлттық Ұланы Әскери институтының курсанттары «Жеңiс әнiмен» жалғастырды. Олардың соңынан әкелерiнiң, аталарының және ұлы аталарының портреттерiн ұстаған «Өлмейтiн полк» акциясына қатысушылар өттi. Мерекелiк шерудi «Салют, Победа!» автошеруi тұйықтады.

Шара театрландырылған көрiнiспен және «Ерлiк ғасырларға жалғасады» мерекелiк концертiмен жалғасты. Осы театр алаңында майдан ботқасынан дәм татқысы келетiндер үшiн әскери-далалық асхана ұйымдастырылды.

Жеңiс бағында Құмар Ақсақалов ардагерлермен бiрге Жеңiс ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды.

Орталық саябақтың гүлзарында қонақтар көрме жәдiгерлерiмен, майдан миниатюраларымен танысты, сол сияқты шағын спектакль мен әскери жылдардың әндерiн тамашалады.

Жеңіс күніЖеңіс күні

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика