Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Байланыс ақпараты

Толық атауы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi
Мекен-жай: 150008, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 23, 219 каб.
Қабылдау бөлмесi телефоны: 46-22-31
Факс: 46-22-31, 46-48-00
Web-сайт: stroi.sko.gov.kz
E-mail: stroi@sko.kz
Сенiм телефоны: 46-22-31

Негiзгi мiндеттер және қызметтер

Басқарманың негiзгi мiндеттерi:

Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында құрылыс қызметтерi саласында мемлекеттiк басқару.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы ережелерi мен нормаларының талаптарына сәйкес салынып жатқан және қайта жаңғыртылатын құрылыс объектiлерiнiң халық сұранысына, құрылыс сапасына сәйкес болуын бақылау.

Басқарманың негiзгi қызметтерi:

Басқарма өз құзыретi шегiнде келесi қызметтердi жүзеге асырады:

құрылыс саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету;

Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында құрылыс қызметтерi салаларында мемлекеттiк, қоғамдық және жеке мүдделердi қорғау мәселелерi бойынша республикалық және аумақтық жобаларды мемлекеттiк сараптау құрылымдарымен, мемлекеттiк сәулет-құрылыстық бақылау және лицензиялау органдарымен өзара қарым-қатынас жасауды;

өз құзыретi шегiнде құрылыс жобалау саласымен айналысатын меншiк нысанына қарамастан барлық шаруашылық жүргiзу субъектiлерiнiң қызметтерiне мүмкiндiк бередi;

құрылыстың жылдық және келешек бағдарламаларын дайындауды және олардың орындалуына бақылау ұйымдастыруды;

жобалау, құрылыс, қайта жаңғырту, қалпына келтiру, күрделi жөндеу мәселелерiн реттейтiн нормативтердi, әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстарды дайындауды;

осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң түрлi меншiк нысанындағы шаруашылық субъектiлердiң ниетi негiзiнде, күрделi құрылыс және объектiлердi қайта жаңғыртудың жылдық жоспарларын облыс әкiмiне және тиiстi ведомстволарға әзiрлейдi және ұсынады;

өз құзыретi шегiнде экономика саласындағы нысандар құрылысы және қайта жаңғырту жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу және орындауға бақылау жүргiзу;

қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құрылыс саласымен айналысатын мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органы функцияларын орындау;

жетекшiлiк ететiн экономика саласындағы кәсiпорындармен бiрлесе отырып, жұмыстардың тұрақтылығы және жақсаруы жөнiнде бизнес-жоспар әзiрлеп, көзделген iс-шараларды негiздеу және олардың орындалуына көмек көрсетудi;

жобалық құжаттама сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыруды, жобалардың мемлекеттiк сараптауын өткiзуге көмек көрсету;

бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қызметiн орындау;

белгiленген тәртiпте жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, шағымдарын, ұсыныстарын қарау;

құрылыс саласын дамыту бөлiмiнде республикалық және жергiлiктi деңгейдегi стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге қатысу;

Басқарманың стратегиялық жоспарын әзiрлеу және iске асыру, олар бойынша есептер дайындау;

Басқарманың интернет-ресурстарын және ақпараттық толықтыруды жаңартуды реттеудi қамтамасыз ету;

тұрғын үй және азаматтық мақсаттағы объектiлердi жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiру;

Басқарма мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес келетiн, қолданыстағы заңнамаларға қайшы келмейтiн басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Нормативті-құқықтық актілер

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы.

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуiрдегi № 486-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi төрағасының 2016 ж. 26 тамыздағы №89-нқ бұйрығымен 3.01-00-2011 «Қазақстан Республикасындағы қала құрылысы жобаларын әзiрлеу, келiсу және бекiту тәртiбi туралы нұсқаулығы» ҚР Құрылыс нормаларына өзгерiстер енгiзiлгендiгiн хабарлайды.

Басқарма өзінің қызметі бойынша келесі нормативті-құқықтық актіге жүгінеді:

  1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» Заңы.
  2. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы.
  3. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын құрылыс нормалары мен ережелері.
  4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне байланысты, басқада нормативті-құқықтық актілер.

04.09.2017 11:39

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика