Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Басқарма туралы ереже

Басқарма туралы ереже

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы «11» қыркүйектегi
№362 қаулысымен
бекiтiлдi

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

Петропавл қаласы, 2017 ж.

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма) құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады, бюджеттiк бағдарламалардың тапсырыс берушi және әкiмшiсi болып табылады.

2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседi.

5. Егер заңнамаға сәйкес Басқармаға уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Басқарма өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен, басқарма басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Басқарманың штат санының лимитiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi бекiтедi.

8. Басқарманың заңды тұлғасының орналасқан орны: индексi 150008, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 23.

9. Мекеменiң толық атауы:

мемлекеттiк тiлде: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

орыс тiлiнде: коммунальное государственное учреждение «Управление строительства, архитектуры и градостроительства акимата Северо-Казахстанской области».

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады. Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаулысы негiзiнде енгiзiледi.

11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттiң қаражатынан жүзеге асырылады.

12. Басқармаға оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.

Егер заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

13. Басқарманың құрылтайшысы және уәкiлеттi органы Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi (бұдан әрi — Құрылтайшы) болып табылады, ол берiлген заңды тұлғаны өзгертулер енгiзу, тарату, қайта ұйымдастыру жөнiндегi мәселелердi шешедi.

14. Басқарманың өз филиалдары және өкiлдiктерi жоқ.

15. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 11 қыркүйектегi № 362 қаулысы негiзiнде қайта құрылған «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң және «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құқық мирасқоры болып табылады.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, қызметтерi, құқықтары мен мiндеттерi

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттiк саясатты дамытуға, iске асыруға және жетiлдiруге жәрдемдесу.

17. Мiндеттерi:

1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерден түсетiн қаражат есебiнен құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру;

2) құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру, облыс аумағында құрылыс индустриясының өндiрiстiк базасын дамыту;

3) объектiлер мен кешендердi орналастыру, жер учаскелерiн қала құрылысы мақсаттары үшiн беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қарастырылған жағдайларда, мемлекет қажеттiлiктерi үшiн оларды алып қою жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарға ұсыныстар дайындау;

4) жобаларды мемлекеттiк сараптаудың республикалық бөлiмшелерiмен, мемлекеттiк сәулет құрылыс инспекциясының және лицензиялау органдарымен ведомствоға қарасты аумақтағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында мемлекеттiк мүдделердi қорғау мәселесi жөнiнде әрекет ету;

5) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер беру;

6) «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiнiң толығуын, мәлiметтердiң уақытында және сапалы енгiзiлуiн ұдайы бақылауды қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

18. Қызметтерi:

Басқарма өз құзыретi шегiнде келесi қызметтердi жүзеге асырады:

1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттерден түсетiн қаражат есебiнен инвестициялық жобаларды iске асыру процессiнде құрылысқа тапсырыс берушiнiң қызметтерiн жүзеге асыру;

3) «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi тапсырыс берушi болып табылатын, салынған объектiлердi пайдалануға қабылдауға қатысу;

4) Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында құрылыс қызметтерi салаларында мемлекеттiк, қоғамдық және жеке мүдделердi қорғау мәселелерi бойынша республикалық және аумақтық жобаларды мемлекеттiк сараптау құрылымдарымен, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау органдарымен өзара әрекет ету;

5) өз құзыретi шегiнде құрылыс саласымен айналысатын меншiк нысанына қарамастан барлық шаруашылық жүргiзу субъектiлерiнiң қызметтерiне жәрдемдесу;

6) құрылыстың жылдық және басым бағдарламаларын дайындауды және олардың орындалуына бақылау ұйымдастыруды;

7) әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жобалау, салу, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу мәселелерiн реттейтiн нормативтердi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстарды дайындау;

8) осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң түрлi меншiк нысанындағы шаруашылық субъектiлердiң ниетi негiзiнде, күрделi құрылыс және объектiлердi реконструкциялау жылдық жоспарларын әзiрлейдi және облыс әкiмiне және тиiстi ведомстволарға ұсынады;

9) өз құзыретi шегiнде экономика саласындағы объектiлер құрылысы және реконструкциялау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу және орындауға бақылау жүзеге асыру;

10) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құрылыс саласымен айналысатын мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органы функцияларын орындау;

11) экономиканың жетекшiлiк ететiн кәсiпорындарымен бiрлесе отырып, жұмыстардың тұрақтылығы және жақсаруы жөнiнде бизнес-жоспар әзiрлеп, көзделген iс-шараларды негiздеу және олардың орындалуына көмек көрсету;

12) жобалық құжаттама сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жобаларды мемлекеттiк сараптамадан өткiзуге көмек көрсету;

13) жергiлiктi атқарушы органдарға объектiлер мен кешендердi орналастыру бойынша ұсыныстарды дайындау;

14) Қазақстан Республикасы Үкiметiмен белгiленген тәртiпте салынып жатқан (салынуы жоспарланған) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн жүргiзу;

15) халықты аумақта жоспарланатын құрылыс салу, не басқа да қала құрылысы өзгерiстерi туралы ақпараттандыру;

16) әлеуметтiк маңызды объектiлердi жобалау, жайғастыру саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу;

17) объектiлердi, кешендердi жобалау және уақытша ғимараттар мен үймереттердi орналастыру жөнiндегi жобалық-iздестiру жұмыстарын орындау кезiнде сәулеттiк және қала құрылысы талаптарын айқындау;

18) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер беру;

19) елдi мекендердi жобалау, қалпына келтiру, абаттандыру, көгалдандыру және дизайн мәселелерiн реттейтiн нормативтердi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

20) жүз мыңға дейiн тұрғыны бар облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларына, жобаларына кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу;

21) қала құрылысын жобалауға байланысты бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi функцияларын орындау;

22) облыстық орталықтың сәулеттiк келбетiн құру жөнiндегi жобаларды әзiрлеудi ұйымдастыру және олардың орындалу барысын бақылау;

23) облыс орталығының бас жоспарын әзiрлеу жөнiндегi тапсырыс берушiнiң функцияларын атқару;

24) аумақты қала құрылысымен игеру және құрылыс салу кезiнде азаматтар мен қоғамның өмiр сүру және тiршiлiк ету қызметтiк ортасының қолайлылығын және экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

25) облыстық орталықты дамыту және қайта құру үдерiсiнде сәулеттiң идеялық-көркемдiк деңгейiн арттыру;

26) жоспарлау және салу жобаларын қарау және келiсу;

27) облыс орталығы аумағында орналасқан тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар объектiлердi, қорғалатын тарихи және мәдени ескерткiштер деп жариялау туралы ұсыныс енгiзу;

28) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде қарастырылған мемлекеттiк қызметтердi көрсету;

29) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қызметiн жүзеге асыру;

30) белгiленген заңнаманың тәртiпте жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, шағымдарын, ұсыныстарын қарау;

31) құрылыс саласын дамыту бөлiмiнде республикалық және жергiлiктi деңгейдегi бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге қатысу;

32) Басқарманың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыруды және үнемi жаңартуды қамтамасыз ету;

33) әлеуметтiк, тұрғын үй және азаматтық мақсаттағы объектiлердi жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiру;

34) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметi саласында өзге де қызметтердi жүзеге асыру.

19. Құқықтары мен мiндеттерi:

Басқарма негiзгi мiндеттердi және қызметтердi жүзеге асыру мақсатында өз құзыретi шегiнде мыналарға құқылы:

1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелерi жөнiнде бұйрықтар шығаруға, мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзуге;

2) облыс әкiмiнiң шешiмiмен нысаналы бағдарлама бойынша тапсырыс берушi болуға және оны iске асыруды қамтамасыз етуге;

3) Басқарма конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы немесе бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi болып табылатын әлеуметтiк сала, тұрғын үй-коммуналдық, азаматтық және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссияларға қатысу;

4) қызметiн жүзеге асыру үшiн өз құзыретi шегiнде, статистика органдарынан және меншiк нысанына қарамастан шаруашылық субъектiлерден қажеттi ақпараттарды сұрату және алуға;

5) төмен тұрған құрылыс органдарының (облыстың қалалық және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмдерi) қызметтерiн үйлестiру.

6) қолданыстағы заңнама, қала құрылысы, экологиялық және өзге де нормативтiк талаптар нормаларын бұза орындайтын жобалау, құрылыс және өндiрiстiк ұйымдардан жобалау, құрылыс және құрылыс өнiмдерiн шығару құқығына лицензиясын алып қою туралы ұсыныстарды енгiзу;

7) белгiленген тәртiпте алдын ала келiсу бойынша сәулет және қала құрылысы органдарымен берiлген жобалық-жоспарлау құжаттама, нормативтiк талаптар және сәулеттiк-жоспарлау тапсырмаларының барын анықтау мақсатында кез келген құрылыс, күрделi жөндеудiң реконструкциялау объектiлерiне бөгетсiз баруға, сондай-ақ нормативтiк және сәулеттiк-қала құрылысы талаптарына жауап бермейтiн жобаларды келiсуден бас тарту;

8) тиiстi мемлекеттiк органдарға қала құрылысы тәртiбiн, құрылыс және сәулет саласындағы қолданыстағы заңнаманы бұза отыра, өз бетiмен құрылыс салған кiнәлi тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы мәселе бойынша ұсыныс енгiзу;

9) жергiлiктi атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен және Қазақстан Республикасының сәулетшiлерiмен бiрлесiп, жобалар, соның iшiнде тұрғын аудандары мен елдi мекендер орталықтарында құрылыс салу, жайғастыру жоспарларының, сондай-ақ жекелеген ғимараттар мен үймереттерге, адамдардың өмiр сүруi үшiн қолайлы орта қалыптастыратын ескерткiштер мен монументтер нобайларын әзiрлеуге конкурстар ұйымдастыру.

3. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру

20. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

21. Басқарманы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi лауазымды орынға тағайындайтын және орнынан босататын Басшы басқарады.

22. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкiмдiгiнiң келiсiмi бойынша Басшымен лауазымға тағайындалатын және босатылатын орынбасарлары болады.

23. Басшы Басқарма жұмысын ұйымдастырады және басқарады, ерлер мен әйелдердiң тең құқығының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiгi туралы заңнамаларды сақтауды қамтамасыз етедi, мыналар үшiн дербес жауапкершiлiк артады:

24. Басқармаға жүктелген мiндеттердi орындауына және өз функцияларын жүзеге асыруына;

25. Басқарма қызметшiлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларды сақтауына.

26. Басқарма және уәкiлеттi орган арасындағы өзара қарым-қатынас қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалады және реттеледi.

27. Басқарма және Құрылтайшының, басқарма әкiмшiлiгi және оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

28. Басқарманың жұмыс уақытының режимi екi демалыс күнi бар, бес күндiк жұмыс аптасында түскi үзiлiсiмен, ұзақтығы сегiз сағаттық күнделiктi жұмыс уақыты бар.

29. Өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты жұмыс уақыты Басқарманың бiрiншi басшысымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзгертiлуi мүмкiн.

30. Басқарма Басшысының өкiлеттiгi:

1) өз орынбасарлары мен бөлiм басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiгiн айқындайды;

2) Еңбек кодексi және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқарма қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және орнынан босатады;

3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жазалауды қолданады;

4) басқарма бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ, Басқарма қызметкерлерi оны орындау үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi;

5) сенiмхатсыз мемлекеттiк органдарда, басқа ұйымдарда Басқарма атынан өкiлдiк етедi;

6) Құрылтайшы бекiткен штат саны лимитi шегiнде Басқарманың құрылымы мен штат кестесiн айқындайды және бекiтедi;

7) басқарма бөлiмдерiнiң жұмыс жоспарларын бекiтедi;

8) Басқарманың шығыс сметаларын бекiтедi, бюджетпен қарастырылған қаржылық қаражатқа иелiк етедi;

9) Басқарма бөлiмдерi туралы ереженi, әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың бiлiктiлiк талаптарының жинағын және жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

10) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң бос әкiмшiлiк лауазымды орындарына конкурс ұйымдастырады;

11) облыс әкiмiне басқарманың жұмыстарын келешек жоспарлау және ағымдағы жұмысын ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар бередi;

12) Мемлекеттiк қызмет туралы заңнамалардың Басқармада орындалуын бақылайды;

13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа өкiлеттiктердi жүзеге асырады;

14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Басқарманың басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн оны алмастыратын тұлға орындайды;

15) Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгiлейдi.

4. Басқарманың мүлкi

31. Басқарманың жедел басқару құқығында облыстық коммуналдық меншiкке жататын оқшауланған мүлкi болады.

32. Басқарманың мүлкi мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қордан және айналым қаражатынан, сондай-ақ, құны Басқарма балансында көрсетiлген басқа мүлiктен құралады.

33. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

34. Басқармаға мүлiкке иелiк ету құқығы заңнамаларда белгiленген жағдайларда және шегiнде берiлуi мүмкiн.

5. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

35. Басқарма қызметiн қайта ұйымдастыру және тоқтату (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту) Құрылтайшының шешiмi бойынша немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, сот шешiмi бойынша жүргiзiледi. Заңдарда қайта ұйымдастырудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.

36. Басқарманың таратылуы Құрылтайшының шешiмi немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен сот шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.

37. Басқарманы қайта ұйымдастыруды және таратуды, егер басқа да заңнамалық актiлермен белгiленбеген болса, мемлекеттiк басқару органы жүзеге асырады.

38. Басқарманың мүлкi таратудан кейiн қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бөлiнедi.

39. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi ұлттық реестрiне тиiстi жазба енгiзiлгеннен кейiн, Басқарма қызметi таратылды және тоқтатылды деп есептеледi.

31.10.2017 17:38

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика