Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма қызметі || Нормативті-құқықтық актілер

Нормативті-құқықтық актілер

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуiрдегi № 486-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi төрағасының 2016 ж. 26 тамыздағы №89-нқ бұйрығымен 3.01-00-2011 «Қазақстан Республикасындағы қала құрылысы жобаларын әзiрлеу, келiсу және бекiту тәртiбi туралы нұсқаулығы» ҚР Құрылыс нормаларына өзгерiстер енгiзiлгендiгiн хабарлайды.

Басқарма өзінің қызметі бойынша келесі нормативті-құқықтық актіге жүгінеді:

  1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» Заңы.
  2. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы.
  3. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын құрылыс нормалары мен ережелері.
  4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне байланысты, басқада нормативті-құқықтық актілер.

Халық арасында, әсiресе кәмелетке толмаған балалар арасында жарақаттану және өлiм фактiлерiн азайту мақсатында, ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi комитетi төрағасының 2016 жылғы 24 маусымдағы №11-НҚ бұйрығымен, терезе құрылымдарының қауiпсiздiгiне қосымша талаптарды көздейтiн заңнамаларға тиiстi толықтырулар енгiзiлдi: ҚР ҚН және Е 3.02-43-2007 «Тұрғын ғимараттар», ҚР ҚН 3.02-01-2011 «Көп пәтерлi тұрғын ғимараттар».

ҚР ҰЭМ Құрылыс және ТКШ iстерi
жөнiндегi комитетi төрағасының
2016 ж. 24.06. №11-НҚ бұйрығы

Кейбiр бұйрықтарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 2 маусымдағы №234 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi туралы ереженiң 16-тармағының 6) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. «Нормативтiк-техникалық құжатты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң 2007 жылғы 16 мамырдағы № 149 бұйрығымен бекiтiлген «Тұрғын ғимараттар» ҚР ҚНжЕ-ге 3.02-43-2007* мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

4-бөлiмде:

4.1.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4.1.7 Тұрғын үй ауласы жағынан шикiзат пен тауарларды тиеуге жол берiлмейдi.

Тұрғын ғимаратқа жапсарлас салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайларда:

  • терезелерi жоқ тұрғын ғимараттардың сырт жақтарынан;
  • жер асты туннельдерiнен;
  • тек арнайы жүк тиейтiн үй-жайлары болған кезде магистральдар (көшелер) жағынан жүк тиеуге болады.

Өнiмдiлiгi шағын объектiлер үшiн оның жұмысы басталғанға дейiн негiзгi кiрер есiк жағынан жүк тиеуге рұқсат етiледi.»;

8.3. тармақ мынадай мазмұндағы 8.3.1 тармақшасымен толықтырылсын:

«8.3.1 Тұрғын үйлердi жобалау және құрылысын салу терезе конструкцияларының ашылатын элементтерiнен адамдардың абайсызда құлап кетуiне жол бермеу шараларын есепке ала отырып жүзеге асырылуы тиiс».

2. «Құрылыс саласындағы жаңа нормативтiк базаны бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетiнiң 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен бекiтiлген «Көп пәтерлi тұрғын ғимараттар» ҚР ҚН-на 3.02-01-2011 мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

5-бөлiмде:

5.3.1.7 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Тұрғын үйлердi жобалау және құрылысын салу терезе конструкцияларының ашылатын элементтерiнен адамдардың абайсызда құлап кетуiне жол бермеу шараларын есепке ала отырып жүзеге асырылуы тиiс».

3. «Құрылыс саласындағы жаңа нормативтiк базаны бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетiнiң 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156-НҚ бекiтiлген «Газ тарату жүйелерi» ҚР ҚН-ге 4.03-01-2011 мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

7-бөлiмде:

7.7.-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Орталықтандырылған газбен жабдықталған, қуаты 60 кВт дейiн газ пайдаланатын жабдық (оның iшiнде газ плитасы) орнатылған тұрғын ғимараттардың үй-жайларында пайдаланылатын газдың және иiстi газдың (көмiртегi оксидiнiң) концентрациялары рұқсат етiлген деңгейден артып кеткен кезде олар газ берудi автоматты түрде тоқтататын газдануды бақылайтын жүйелерiмен (газдану датчигiмен және электромагниттi клапанмен) жабдықталады.».

4. Техникалық реттеу және нормалау басқармасы:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын;

2) осы бұйрықтың салалық бұқаралық ақпарат құралдарында белгiленген тәртiппен жариялануын қамтамасыз етсiн.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетi төрағасының жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Төраға М. Жайымбетов

07.09.2017 11:33

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика